Жұмысшы – мерейлі мамандық
Жұмысшы мамандықтары — бұл өндіріс саласында еңбек ететін және арнайы дағдыларды талап ететін мамандықтар. Бұл мамандықтар көбінесе техникалық және қолмен орындауды қажет етеді.
Жұмысшы мамандықтарының негізгі ерекшелігі — олар практикалық білім мен дағдыларды меңгеруді талап етеді және кейбіреулері арнайы білім мен сертификаттарды қажет етеді. Бұл мамандықтар көбінесе арнайы білім мен тәжірибені талап етеді және қоғамның өндірістік және экономикалық салаларының негізін құрайды.Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үдеріс. Бұл міндетті шешу үшін кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді көбейту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, мән-маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік, қоғамдық, жергілікті деңгейде қолдау көрсету сынды кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізу, қапысыз атқару қажет.
Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.