ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылдық округі, Қоскөл елді мекенінің тұрғыны Серік Мұқрисаұлы ӘБДІҒАЛИЕВТІ 50 жас мерейтойымен құттықтаймыз!.
Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз. Кәмшат екеуіңіз қос балапанның қызығына тоймай, ортамызда жадырап жүре беріңіздер.
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.
Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік
Тілек білдіруші: Бекзат-Ботакөз ҮМБЕТОВТЕР.