«Таза Қазақстан» – маңызды бастама
“Таза Қазақстан” – әр азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптап жинау – тек мемлекетке емес, әрбір адамға байланысты. Қазақстанның әр ауылы мен қаласы таза болса, халқымыздың денсаулығы да, болашағы да жарқын болады.
Бұл бастама – тек сенбілікте қоқыс жинап қою емес, күнделікті өмірде табиғатқа жанашырлықпен қарау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, тазалық мәдениетін қалыптастыру деген сөз. «Таза Қазақстан» – ортақ үйіміздің айнасы» деп айтуға болады.
Думан ЖҰМАНОВ,
«AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы.