Тәуелсіздік – киелі ұғым

Тəуелсіздік – еліміздің басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дəуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тəуелсіздік. Тəуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл əлем таныды.

Тəуелсіздік — бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тəуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде Тəуелсіздік туы желбіреді. Содан бері 33 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Береке-бірліктің арқасында əлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазіргі тəуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тəуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тəуелсіздік тарихы арнайы əңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек.
Тəуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауызбірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дəлелдеп берді. Тəуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде Ата Заңымыз қабылданып, Ата Заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, əл-ауқатымыз артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мəн берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси жəне мəдени қатынастар да үдей түсті. Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шетелдің түрлі саладағы мамандарымен тəжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бəрі тəуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Мадияр ТОРҒАЕВ,
Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы.