Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды
Ұлытау облысының әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Өңір басшысының қабылдауына бас аяғы үш тұрғын жазылған.
Облыс тұрғыны Ержан Алибеков жұмыртқа өндіру ісін жүргізу үшін өз ұсынысын білдірсе, Даниэль Карин баспана мәселесі бойынша жүгінді.
Сондай-ақ жезқазғандық Тимур Бейсембаев жер телімін алуға қатысты сауалын жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Алдын ала жазылу төмендегі телефондар арқылы жүзеге асырылады: 8 (7102) 73-56-41, 8 (7102) 73-33-59.