Сот жүйесі әлемдік өлшемдерге сай
Еліміздің сот және құқық қорғау жүйелері Әділетті Қазақстан құрудағы қоғамдық сұранысқа сай реформалануда. Соттар, прокуратура, полиция заңды сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауда. Заң бәріне бірдей, оған барлығы сөзсіз бағынады. Заңнамалық қайшылықтар азаматтардың пайдасына түсіндіріледі. Әрбір адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және заңды мүдделері құрметтеледі.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметі ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сот жүйесі өз жұмысында тәуелсіздік пен әділдік қағидаларын басшылыққа алады, бұл азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жаңа механизмдер мен құралдар енгізілуде.
Құқық қорғау жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Полиция қызметін азаматтарға бағытталған, оларға қолдау көрсететін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орган ретінде қайта құру жүріп жатыр. Прокуратураның қадағалау рөлі күшейтіліп, оның қызметі тек заңдылықты қадағалаумен шектелмей, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән беріледі.
Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.