Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды
Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Жасұлан Айтуғанұлы Дәулетбаев тағайындалды.

Қарағанды экономикалық
университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін заңтану және менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде бастаған.
2014 жылы Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман-заңгер болып жұмыс істеген.
2015-16 жылдары Қарағанды облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2016-17 жылдары Сәтбаев қалалық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары болған.
2017-24 жылдары Сәтбаев қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшысының орынбасары қызметін
атқарды.
2024 жылдан бастап Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

