Салық саясаты – оң өзгерістерге бастау болмақ

Баршамызға мәлім болғандай, еліміздегі салық саясатында бүгінгі күнге дейін әр түрлі реформалар болғаны мәлім.


Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы. Бүгінгі күні елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Салық – мемлекет дамуының маңызды бөлігі. Оның есебінен ел қазынасы толығып отырады. Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың бірінші кезекте шағын және орта кәсіпке байланысты тұстарына тоқталған маңызды деп есептеймін. 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын арнады. Аталмыш Жолдауда қазіргі салық жүйесін қайта жаңғыртуға арналған Жаңа салық кодексінің енгізілуі туралы аталып өтті. Бүгінгі күні салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру кәсіпкерлік саласындағы азаматтар үшін де өзекті мәселеге айналды. Салық саласында енгізілетін жеңілдіктер бизнестің дамуына оң әсерін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар «Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отырғандығы туралы айтты. Осының негізінде жазалау түрлерінің жеңілдеуі де берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беру жөніндегі Мемлекет басшысының сөздері ойға қонарлық. Жаңа Жолдауында Президент салық саясатына қатысты ойын «Фискалды реформа табысты болсын десек, салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшірген абзал. Бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискалды ахуалға бейімдеу керек, соның ішінде салық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн»,- деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фариза РАНОВА,
Қоскөл ауылдық округінің бас маманы.