Құрметті Мұханбетқали СЕЙТҚАЗЫҰЛЫ!

Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Саналы ғұмырыңызды ел игілігіне арнап, ұстаздық жолда сан шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнер мен руханияттың дамуына өлшеусіз
үлес қосқан тұлғасыз. Айтыс өнеріндегі жарқын жетістіктеріңіз, қазақ сөз өнеріне қосқан шығармашылық еңбектеріңіз бен қоғамдық қызметтегі абыройлы жолыңыз – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге.
Сіз – Ұлытау ауданының Құрметті азаматы ретінде өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел сенімін ақтаған білікті басшы, парасатты ұстаз, халық құрметіне бөленген айтыскер ақынсыз. Өнер мен білімді ұштастырған тағылымды өмір жолыңыз – туған жер тарихының ажырамас бөлігі, ұлт руханиятының асыл қазынасы.
Ұлытау жұртшылығы Сізді әрдайым жоғары бағалап, еселі еңбегіңізді ерекше құрмет тұтады. Есіміңіз Ұлт ұясының абыройын асқақтатып, келешек ұрпаққа үлгі болып қала берері күмәнсіз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейміз.
Ұлт руханиятына қосар үлесіңіз еселеніп, абыройыңыз арта берсін!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.