Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының аяқталуымен келетін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – мейірімділік пен кешірімнің, бірлік пен игіліктің мерекесі. Айт күндері әр шаңыраққа қуаныш, ізгілік пен бейбітшілік орнасын. Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, қайырымдылықтарыңыз қабыл болсын!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, елдігімізге тұрақтылық пен береке тілеймін!
Айт мейрамы құтты болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.