Құрметті қаржыгерлер! Қадірлі қаржы саласының ардагерлері!
Сіздерді 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы және Қаржы саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мен экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты нышаны –- ұлттық валюта. Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге айналымға енген еді. Егемен еліміздің бүгіні мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңызы зор болғанын айрықша атап өткен жөн.
Қазақстанның қаржы жүйесі бір кездері еліміздің экономикалық және саяси жүйесінде дағдарыс жағдайларынан сәтті өтсе, қазір ел экономикасы тұрақты даму жолына түсті. Жалпы, Ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Теңге –- дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге алғаш айналымға енгізілген сәттен бастап, өзінің тарихи қызметін толығымен орындап келеді. Айналымдағы теңгенің халыққа қызмет етуіне қажетті қамқорлық жасауда қаржы секторы қызметкерлерінің де еңбектері елеулі. Осыған орай, қаржы жүйесі қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен Ұлттық валюта күні еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Құрметті қаржыгерлер қауымы!
Маңызды салада атқарып жүрген еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Қызметтеріңіз келешекте де табысты, Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға қосар үлестеріңіз ырысты болуына тілектеспіз!
Дендеріңіз сау болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа тола берсін!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Талғат СЕЙТЖАНОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.