Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

«AMANAT» партиясының Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар» сыйлығында Асылхан Тұрғамбеков «Ыстық қайрат» аталымы бойынша үздік еңбек адамы ретінде танылды.

2007 жылдан бастап Жезқазған байыту фабрикаларында электромонтер болып жұмысын бастады. Қазіргі уақытта №25 жер-асты телімінің жарушысы (взрывник) ретінде 57-шахтада еңбек етуде.
Асылханның еңбек өтілі 8 жыл болса да, ол өзін тек үздік жас өндіріс маманы ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді өндірістік жастар өкілі, ерікті, спортшы ретінде де танытты. Оның жұмысы жоғары жауапкершілікпен атқарылады және ол жұмыс орындарындағы қауіпсіздік, өндірістік үдерістердің тиімділігі мен жаңартуларға үлкен үлес қосуда.

Қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын Асылхан, еріктілік қызметімен айналыса отырып, корпоративтік мәдениетті дамытуға да өз үлесін қосып келеді. Ол «Jastar Bolashaq» жастар ұйымының мүшесі ретінде жастарды дамытуға бағытталған жобалар мен шараларға қатысып, ұжымдағы әлеуметтік белсенділікті арттыруда да белсенді жұмыс істеуде.

Өз тілшімізден.