Рәміздер осылай қабылданған

Елбасы кітапханасы Тұңғыш Президенттің жеке мұрағатына тиесілі құжаттарға сүйене отырып, Ұлттық рәміздердің қабылдануына қатысты деректер мен дәйектер жинағын ұсынды. Біз содан үзінді жариялағанды жөн көрдік.

– 90-жылдардағы «қызыл парламенттің» ықпалынан шығып үлгермеген посткеңестік Жоғары Кеңес мемлекеттік нышандардың ресми қабылдануының жарты жылға дейін кешігуіне түрткі болған.

– Мемлекеттік рәміздерді қабылдау алды жұмыстары үшін арнайы құрылған мемлекеттік кеңес тынымсыз еңбек етулеріне тура келді. Себебі, олардың қарауына мемлекеттік жалаудың 1200 нұсқасы ұсынылған болатын. Одан бөлек, Елтаңбаның 245, ал Әнұранның 750 нұсқалары ұсынылады.

 – Мемлекеттік нышандардың ресми қабылдануына дейін оның барысы Жоғары Кеңесте белсенді түрде талқыланады.

 – 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік нышандарды қабылдауға бірнеше сағат қалған кезде елтаңбаның кейбір элементтеріне қатысты пікірталас туындайды. Жоғары Кеңестің әрбір мүшесі геральдикалық белгілерге қатысты өзіндік пікірге ие еді. Содан кейін депутаттар ортақ шешімді Президент еншісіне қалдырады.

– Жалаудың нұсқалары да әртүрлі пікірталасты тудырды. Депутаттардың бірі қызыл, ақ және жасыл түстердің сызықты нұсқасын қолдаса, тағы бірі жалаудың ортасына жершарын көмкеруді ұсынады. Өзгелері жарты айдың бейнесі болуын алға тартады.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.