Президент: Қоғамдық орындардағы қылмыс 80%-ға азайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді.
Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар жүзеге асып, саяси жүйе мен экономика түбегейлі жаңарды. Құқықтық мәдениет қалыптасып, азаматтық жауапкершілік идеологиясы орныға бастады. 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық екі есе, қоғамдық орындардағы қылмыс 80%-ға азайды. Бұл — азаматтарымыздың көшеде алаңсыз жүруіне мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.