Олжас Бектенов Qingdao Wanlin Food басшысы Ли Яньтаомен АӨК өнімдерін терең өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

Біз Қазақстан нарығына, көкөністерді терең өңдеу саласына инвестиция салу туралы шешім қабылдадық. Ол үшін Түркістан облысы таңдалды. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар барлық бағыт бойынша, оның ішінде экономика саласында да қарқынды дамып келеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы дамыған, біздің компаниямыздың қайта өңдеу саласында үлкен тәжірибесі бар. Бұл серіктестікті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп санаймын.