Олжас Бектенов: Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау – Үкіметтің басым бағыты

Арнаулы мемлекеттік қордан 230 жобаны іске асыруға 160 млрд теңге бөлінді.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті қаражат Республикалық бюджетте көзделген.

Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі Президент тапсырмасы аясында сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жобаны іске асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Тұрғындардың өмір сапасы таза ауыз суға тікелей тәуелді. Сондықтан елді мекендерді сумен қамтамасыз ету – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.