ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау облысының Дастан Рыспеков кеніш астына түсіп, қызметкерлермен кездесті. Әрі қарай келіссөздер учаскелердің бригадирлерімен өтті.

Сондай-ақ кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Облыс әкімі өңірдің жылумен жабдықтау объектілері үшін өндірісті тоқтатудың ауыр зардаптары туралы түсіндіріп, мәселені келісу іс-шаралары арқылы шешу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысы Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындарының Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Ұлытау облысының әкімі барлық кеншіні наразылық акцияларын тоқтатуға және жұмысқа кірісуге шақырды.

Келіссөздер жалғасуда.