Оқуға шақырады
Ұлытау ауданы полиция бөлімі азаматтарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарына қызметке орналасуға және ҚР ІІМ заң академияларына оқуға түсуге шақырады.

Қызметке қабылдау талаптары:
– Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
– жасы 18-ден жоғары болуы;
– орта, техникалық немесе жоғары білімі болуы;
– ер азаматтар үшін әскери қызмет өткерген болуы;
– денсаулық жағдайы бойынша жарамды болуы;
– дене дайындығы нормативтерін тапсыру;
– психологиялық іріктеу және арнайы тексеруден өту.
ҚР ІІМ заң академияларына оқуға түсу талаптары:
– Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
– орта білімнің болуы;
– ҰБТ нәтижесінің болуы;
– денсаулық жағдайы бойынша жарамды болуы;
– дене дайындығы нормативтерін тапсыру;
– психологиялық іріктеуден өту.
Оқудың артықшылықтары:
– оқу мемлекет есебінен жүргізіледі;
– курсанттар жатақханамен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етіледі;
– ай сайын шәкіртақы төленеді;
– оқу аяқталғаннан кейін ішкі істер органдарында қызметке орналасу мүмкіндігі беріледі.
– Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 777 575 75 76
Полиция қызметі – елге қызмет етудің абыройлы жолы!
