Мониторинг жасауды тапсырды

Ұлытау облысының əкімі Дастан РЫСПЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кеңесте теміржол саласы мен транзиттік əлеуетті дамыту жəне Ұлытау облысы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару мəселелері қаралды.

Алғашқы мəселе бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ Қарағанды филиалының Жезқазған аймағы бойынша директорының орынбасары Файз-Рахман Балғабаев баяндады.
Өңір басшысы өз кезегінде облыс орталығының қолданыстағы темір жол вокзалы ғимаратының əлеуетін стандартқа сай етіп жақсатудың жəне жаңа ғимарат салудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар апатты жағдайларды болдырмау үшін теміржол бойын малдарға қауіпсіз етіп қоршауды, ол жұмыстарды сапалы əрі жиі жүргізу талабын қойды.
Өңір басшысы облыс бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару ісінде белгілі жоспар айналасында шектелмей, жұмыстарды үздіксіз жалғастыру міндетін жүктеді. Облыс əкімі осы орайда пайдаланылмай тұрған жерлерді қадағалауда мониторинг жұмыстарының маңызды екенін жеткізді. Облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Аманкелді АҚШАЛ.