«Мен ғарышкер боламын»

Қарсақбай кентінде осындай тақырыппен сурет байқауы ұйымдастырылды. Ғарышкерлер күні аясында өткізілген шараға мәдениет үйінің мамандары мұрындық болды. Ал, суретті 4 сынып оқушылары салды.

– Байқау Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілді. Қатысушылар көп болды. Арасынан ең үздіктері іріктеліп, марапатталды. Гүлсезім Едіге І орынды иеленсе, Айжан Қыдырәлі, Шахназ Мұханбетжан, Балғын Шаймен ІІ орынды жеңіп алды. Ал, ІІІ орынды Жанат Төкеш пен Сұлушаш Шәрипулла өзара бөлісті. Жеңімпаздарға Мақтау қағазы мен қаржылай сыйақы берілді. Демеушілер – мәдениет үйінің қызметкерлері, – дейді мәдениет үйінің іс-шара ұйымдастырушысы Гүлзейнеш Елімбекова.

Өз тілшімізден.

ҚАРСАҚБАЙ кенті.