Мемлекет басшысы: Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек

Президент елімізде неғұрлым құрылыс көп болса, Қазақстан да соғұрлым өркендей беретінін айтты. Теміржолдарды, автожолдарды, әуежайларды, вокзалдарды, сумен қамтамасыз ететін ірі құрылғыларды, өндіріс және өнім кәсіпорындарын, қала ғимараттарын және тағы басқа нысандарды жоғары қарқынмен салу керектігін атап өтті.

«Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек», — деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.