Медицина қызметкерлерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Диас Алтынбек пен Гүлнара Загирова Жезқазған қаласындағы «ЖезДенсаулық» отбасылық амбулаториясында болып, медицина қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің алдағы бес жылға арналған даму жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызмет сапасын арттыру және сала мамандарын қолдау мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.