Кандидаттар тұрғындармен жеке кездесулер өткізеді

«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары партия филиалының ғимаратында азаматтармен жеке кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Светлана Жумкина мен Диас Алтынбек бірнеше тұрғынды қабылдап, олардың өтініштері мен жеке мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында азаматтарға тиісті кеңестер беріліп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелер мен тиісті органдарға сауалдар жолданды.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.