МӘМС: Жезқазған медицинасында жаңа дәуір басталды

Облыс тұрғындары енді МӘМС жүйесі аясында заманауи медициналық қызметтерді басқа қалаға шықпай-ақ ала алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалы ұйымдастырған пресс-турда журналистер мен қоғам белсенділер Жезқазған медициналық орталығындағы жаңа мүмкіндіктерді көріп, дәрігерлердің кәсіби шеберлігін бағалады.

2026 жылдың басынан бастап орталықта қан тамырлары ауруларын емдеудің жоғары технологиялық әдістері енгізілді. Бұрын тек ірі қалаларда жасалатын варикоз, варикоцеле, жатыр миомасы, простата аденомасы және диабеттік аяқ сияқты сырқаттардың күрделі емі енді өңірде де қолжетімді.
Биыл Әлемуеттік медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісім-шарт 1 млрд 108 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 54 млн теңгеге артық. Қосымша қаржы заманауи технологияларды енгізуге, күрделі процедураларды қолжетімді етуге және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықтың нақты жемісін көргендердің бірі – Ақнұр Ибраева. 50 жастағы әйел 20 жылдан бері аяқтағы варикозбен күресіп келген. Енді ол үйінен шықпай-ақ ота жасатып, сырқаттан айығатынына куанышты.
Жезқазғандағы бұл жаңашылдық өңір медицинасында жаңа дәуірдің бастамасы болып отыр. Енді сапалы және заманауи медициналық көмек алу үшін алыс қалаларға барудың қажеті жоқ.

Өз тілшімізден.