ҰЛЫТАУ СЕЛОСЫНДА 30 ПӘТЕРЛІ ҮЙ САЛЫНУДА

Нысан құрылысын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр. Ал баспаналардың кілті кезекте тұрған отбасыларға келер жылы беріле бастайды. Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының ауданға жұмыс сапары аясында мердігер ұйым ауланы абаттандыру жұмыстарын күз мезгілінің басында толық бітіретінін жеткізді.

Абаттандыру барысында жолдың жиектастары, асфальт, балалар ойын алаңы қамтылады. Нысан жоспарында коммерциялық бөлік те қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс басындағылар қалған екі кіреберістің ішкі сылақ жұмысын аяқтап, ішкі әрлеу жұмыстарына кіріспек.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы үйдің құрылысы, инженерлік желілері, абаттандыруының нақты дайын болатын уақытын, кестесін ендігі аптадан қалдырмай ұсыну міндетін жүктеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ұлытау селосында 42 азамат үй кезегінде тұр.