Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің құттықтауы

Құрметті Ұлытау облысының арулары!

Сіздерді аяулы аналар мен сүйікті қыз-келіншектер, асыл әжелеріміз бен күлімкөз қарындастарымыздың халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің алғашқы мерекесі, шуақты күннің бастауы — 8 Наурыз баршамыз асыға күтетін мереке. Себебі адамзатқа өмір сыйлайтын асыл жандарға құрмет бұл күні тіпті жоғарылай түседі. Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді.

Қазіргі таңда облыс халқының жартысына жуығын әйел азаматы құрайды. Нәзік жандылар облысымыздағы түрлі салада еңбек етіп қана қоймай, өңіріміздің дамуына болашақта үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеуде. Осы орайда өздеріңізге алғыс білдіремін!

Қадірменді ханымдар!

Аялы алақандарыңызбен әлемге жылулық нұрын шашып, ерекше қасиеттеріңіз барша жүрекке мейірім сыйласын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақ-береке тілеймін!

Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.