Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

 Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты.
 Өңір басшысы өз сөзінде Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ Президент пен Үкіметтің назарын біздің өңір үшін маңызды болып табылатын бірқатар мәселелерге аударды. Олар мұнай өңдеу зауытының құрылысына, Үйтас-Айдос су қабылдағышын қайта жаңартуға және «Қызылорда – Жезқазған» автожолын жөндеуге қатысты болды.
 Сондай-ақ, өңір басшысы алдағы кезеңге облыс алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті. Атап айтқанда, азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу. «Қазіргі уақытта біздің облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің он үш түрінен тек үшеуі ғана өндіріледі: ұн, ет және нан.
 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шара қабылданды: меншікті тұрақтандыру қоры құрылды, «Ұлытау» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы құрылды, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жоспары әзірленді», — деп баяндады Берік Әбдіғалиұлы.