Ұлытау облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық қызметінің бас инспекторы тағайындалды
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Алмагүл Бауыржанқызы Ануарбекова 2026 жылдың қаңтарынан бастап Ұлытау облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық қызметінің бас инспекторы лауазымына тағайындалды.

Алмагүл Бауыржанқызы 1996 жылғы 30 желтоқсанда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің резервисі Алмагүл Ануарбекова «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша резервке қабылданған.
Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетін «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша, сондай-ақ академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Химия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Жезқазған қаласындағы №24 мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2020 жылдан бастап Жезқазған қаласындағы №24 мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарды.
Кейіннен Жезқазған қаласындағы №24 мектепте тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.
Өңірлік олимпиадалардың сараптамалық топтары мен комиссияларының тұрақты мүшесі, экологиялық бағыттағы ғылыми жетекші.
Экологиялық жобалар бойынша республикалық ғылыми конкурстардың жеңімпазы.
NXplorers халықаралық білім беру бағдарламасы мен CLIL технологияларының сертификатталған тренері.
