Ұлт саулығы – басты назарда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында нақты қадамдар мен мақсаттардан құралған 9 бағытты атап өтті.

Оның ішінде маңызды бағыттардың бірі — Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту туралы. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз еместігін атап өтіп, мемлекет басшысы бұған жол беруге болмайтындығын нақтылап айтты. Медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігі және одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиістігі туралы атап өтті. Осы орайда, медицина саласында цифрландыру жүйесін жетілдіру мемлекет алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі екені сөзсіз.

Нұргүл МӘЖИТ,

белсенді жас.