Әлем чемпионатында бақ сынайды

Ұлытау ауданы, Қорғасын (Шеңбер) ауылының тумасы Асылмұрат БІРІМЖАН спорттың таяқ тарту түрінен (мас-рестлинг) Моңғолияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Ол бұл мүмкіндікті жуырда Алматыда өткен ҚР чемпионатында 65 келі салмақта таяқ тартудан күміс медальға қол жеткізген соң иеленді.
Спорттағы жарқын жетістіктерімен қалың қауымға бұған дейін танымал болған Асылмұрат Нұрболатұлы – Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны.
Ұлы Дала Ұлытауының батасы дарыған баһадүр ұланға барша жерлестерінің атынан алдағы Әлем чемпионатында мерейі үстем түсіп, жеңіске жетуін тілейміз.

Тәслима ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ.