Комиссия отырысы өтті
Аудан əкімінің орынбасары Аян ƏБЖАМАЛОВТЫҢ төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелерімен қатар кент, ауыл əкімдері zoom-конференция режимінде қатысты.
Отырыстың күн тəртібінде екі мəселе қаралды. Атап айтқанда, «2023-2024 жылғы қысқы кезеңнің өту барысы туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Данияр Мұханбетов, «2023- 2024 жылдың жылыту маусымының өту барысы туралы» ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Батырлан Сəбден хабарлама жасады.
Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша атқарылған жұмыстар хабарланып, алдағы жылдың жоспары нақтыланды.
Екінші мəселе бойынша кент, ауылдық округтердің жылыту мауысымындағы атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Жиынды қорытындылаған аудан əкімінің орынбасары Аян Есенғалиұлы қысқы уақытттөтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуді, жылыту нысандарының қалыпты жұмыс істеуін жəне ауа райының қолайсыз уақытында жолға шығатын автокөліктерді қатаң бақылауды жауапты мекемелерге тапсырды.
Өз тілшімізден.