Келер жылы Астанада Молдова елшілігі ашылады
Мемлекет басшысы СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.