Интернет алаяқтық

Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде. Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансаң сақтаймын деген. Адам тек өзін-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтансаң сақтаймын деген.

Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі.