Инсультті емдеуде жетістік көп
2024 жылдың 5 айында инсульт алған Ұлытау облысының 331 тұрғыны оңалту курсынан өткен. Пациенттердің аяғынан тік тұрып, қалыпты өмірге оралуы үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 109 млн теңге жұмсаған. Бұл жөнінде бүгін Қордың Ұлытау облыстық филиалы директоры Әлия Байтокова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, медициналық оңалту қызметтерінің негізгі көлемі МӘМС пакеті шеңберіне енгізілген. Сақтандырылған азаматтарға кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және травматология, пульмонология бағыты мен жалпы оңалту шаралары қолжетімді.
Бүгінгі таңда біздің облыста «Луч» нейрооңалту орталығы, «Қарлығаш» шипажайы, «АураМед» оңалту орталығы, «Жезқазған» медициналық орталығы МӘМС шеңберінде оңалту шараларын тегін ұсынады.
Өткен жылы аталған мекемелер тұрғындарға 40 мыңға жуық оңалту қызметін көрсетті.
Өз тілшімізден.