Енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті болмайды
Барлық мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді болып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары цифрлық кеңсеге айналады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы онлайн форматта қолжетімді. Алдағы бір жарым жылда бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.
