Елтай АРЫСТАНБЕКОВ
Ұлытау ауданының білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған, ҚР Оқу-ағарту ісінің үздігі, аудандық мәслихаттың II және III шақырылымдарының депутаты болған Елтай Арыстанбеков дүниеден өтті.
1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1971 жылы Қарақұм сегізжылдық мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1978 жылдан Қоскөл орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі болып, 1985 жылы Қ.Сәтбаев атындағы совхоздың кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарған . 1992 жылдан сол совхоздың №4 фермасының меңгерушісі. 1997 жылдан бастап 2011 жылға дейін мектеп директоры болып, зейнеткерлікке шыққан.
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты, «Қыпшақ-Алтыбас» қоғамдық қорының төрағасы болған.
Бар ғұмырын елдің дамуына сарп еткен Елтай Әбдікәрімұлының топырағы торқа, иманы жолдас болсын!
Артында қалған ұрпақтарына жасын да, бағын да берсін!
Біз ардақты ардагердің жарқын бейнесі мен адами қасиеттерін жадымызда сақтаймыз.
А.Мырзабеков, А.Құрмансейітов, М.Оспанов, А.Абжамалов, А.Қайырбек, Е.Дәуітбаев, Б.Әбдірайымов, Қ.Кәкімжанов, Ә.Жандарбеков, Е.Әбжамалов.