Елімен бірге Елбасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі елге мәлім. Өзінің барлық білімі мен біліктілігін Отанына адал қызмет етуге арнаған ел тұлғасының есімін халқы әрқашан ардақ тұтары хақ. Елбасымыздың қоғамдықсаяси қызметі тәуелсіз Қазақстан есімімен тығыз тамырлас. Тәуелсіздіктің ақ жолын ашып еліне, халқына егемендік сыйлаған Елбасы еңбегіне тарих куә. Алысқа бармай-ақ бүгінгі тәуелсіз еліміздің Көкбайрағы, Әнұраны мен Елтаңбасы да Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тың идеясымен дүниеге келгендігі баршаға аян. Иә, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Тұңғыш Президентықпалымен жас мемлекетіміздің экономикасымен әлеуметтік дамытуға арнаған небір бағдарламалар, небір шешімдер қабылданғаны біздердің көзалдымызда. Соның нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан төрткүл дүниеге танымал болып өз орнын әлемдік қауымдастық төрінен еркін ала білді. Бүгінгідей алмағайып заманда жер жаһанның қай мемлекетерінде ел күтпеген жағдайлар орын алып жатқанда, елді ұйыстырып, беталысы мен даму бағытын айқындап отыратын нұсқау әбден керек болды.

Осы ретте сәл шегіне жасап көрсек Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Жолдауында еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар», «ақылды ұлт», атты өте құнды он басым бағытты белгілеп бергені баршаға аян. Сол сияқты осы Жолдауда Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер одан әрі нақтыланып жалғасын тапты. Мұнда білім беру жүйесіндегі Көптілділік, «Цифлық Қазақстан» ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері талдап көрсетілді.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы бастамасымен туған Мәңгілік ел идеясы «Рухани жаңғыруымызбен латын әрпіндегі сауаттылығымыз», «Ұлттық кодымыздың сақталуы», «Үш тұғырлы тіл саясаты» халық жүрегінен берік орын ала білді.

Елбасымыз – Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев жастар саясатын қолдауымызды бір мезет ойынан шығарған емес. Соның нәтижесінде көптеген білімді жастарымыз «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде білім алуда. Сол тәрізді «Дипломмен ауылға!» жастарды жұмыспен қамту бағдарламасында өз нәтижесін беруде. Оны алысқа ұзамай-ақ өз ауданымыздан да көруге болады. Бұл бағыттағы жасалып жатқан игілікті оң істерді айтып, жаза берсе көп-ау.

Тұңғыш Президентіміз — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезіндегі стратегиялық шешімдерінің бірі Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру болатын. Осы шараның басы-қасында жүріп игіліктіістің авторы болып батыл шешімдерді қабылдаған да тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев болатын. Ол бұл мәселені алғаш рет 1992 жылы көтерді. 1994 жылдың 6-шілдесінде Жоғарғы кеңес шешім шығарды. Ақмола 1997 жылдың 10- шы желтоқсанында Елорда деп жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында Астана атанды, осы жылы 10-шы шілдеде Тұңғыш Президенттің қатысуымен тұсауы кесілді. Бұл күні қазақ елі тарихындағы ғаламаткүн болып есте қалды. Арқа төсіндегі Елордамыздың кескін келбеті бүкіл әлемді таңқалдырғаны теледидардан көріп ерекше тебіреніске бөленгенім әлі есімде.

Бұл Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың елімен халқына жасаған қызметінің бір ғана бөлігі деп қабылдауға болады. Бүгінде экономикасы дамыған, әлеуеті артқан тәуелсіз еліміздің осылайша дамып, әлемдік қауымдастық алдында зор беделге ие болуы да сөз жоқ. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың шешім қолдауының нәтижесінде десем, еш қателеспес едім. Ендеше, тұғыры биік халқымыздың Тұңғыш Президент күні құтты болсын.

Г.БЕКМУРЗИНА,

Ұлытау ауданы мемлекеттік архив мекемесінің қызметкері.