eGov.kz жүргізуші куәлігін алу қызметін жаңартты

eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.

Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз суретін таңдау мүмкіндігі пайда болды. Басты шарт —  фотосуреті пайдаланылатын құжат мерзімі 3 жылдан аспауы керек.