Еңбек мобильділігінің орталығы «Ашық есік күніне» шақырады
Ұлытау облысының Еңбек мобильділігінің орталығы облыс тұрғындарын 27 наурызда Ашық есік күніне шақырады.
Ашық есік күнінде жұмыс берушілер тарапынан жұмыс орындары мен квоталар ұсынылмақ.
Барлық ниет білдіруші «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттар туралы ақпарат алады.
Іс-шара 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Мекенжайлар:
Жезқазған қаласының Мансап орталығы — Анарқұлов к-сі 12.
Сәтбаев қаласының Мансап орталығы — Наурыз к-сі 148.
Қаражал қаласының Мансап орталығы — Абай к-сі 3.
Жаңаарқа ауданының Мансап орталығы — Тәуелсіздік к-сі 5/3.
Ұлытау ауданының Мансап орталығы — Абай к-сі 23.