Е.Қарин: Президент қоғамда қызу талқыланған мәселелерді қамтыды
«Ана тілі» газетіндегі сұхбатында Мемлекет басшысы жылды қорытындылап қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселерді де қамтыды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сұхбаттың маңызды тұстарын атады.
«Мемлекет басшысы 2024 жылды қорытындылап қана қоймай, бірыңғай уақыт белдеуі, атом электр стансасы, доллар бағамы, Талғар оқиғасы, кезектен тыс сайлау өткізу ықтималдығы және басқа да қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді. Сұхбаттағы негізгі ой-тұжырым – елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасын табады, алда атқарылатын жұмыс көп, сын-қатерге толы кезеңде күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білу керек», – деді Е. Қарин.