Депутат мектеп ұжымымен жүздесті

Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Зәуреш Балшықбаева №6 Жезді тірек мектебінің мұғалімдерімен кездесіп, білім жүйесінің жай-күйімен танысты.

Жүздесу барысында депутат білім сапасы туралы кеңінен сөз қозғап, бірқатар мәселелерді талқылады. Ұстаздар тарапынан да ұсыныс-пікірлер айтылып, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Зәуреш Қабденқызы мектеп ұжымымен тікелей байланыс нәтижесінде қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерді зерделеп, қорытындысында әрбір көтерілген мәселе өз шешімін табатындығын жеткізді.
– Қазіргі таңда депутаттар жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып, билік пен бұқара арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Бүгінгі менің жұмысым – мектеп ұжымының жай-күйін зерделеп, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға бағытталды, – деді депутат Зәуреш Балшықбаева.