Департаментте – жаңа басшы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Айнұр Қанапияқызы Сатаева тағайындалды.
Айнұр Қанапияқызы 1966 жылы дүниеге келген.
2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.
1997 жылдан бастап әлеуметтік қорғау және еңбек инспекциясы салаларында жұмыс істеп келе жатыр.
2017 жылдан осы уақытқа дейін Қостанай облысы еңбек, әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.