Бірлік – елдің берік қамалы
Біздің халқымыз бірлікті, татулық, достықты қастерлеп, қатты ұстаған. Ұлтына, ұлысына қарамайтын, жан біткенді жатырқамайтын бауырмал халықпыз. Қазір Қазақстанда 130 ұлттың адамдары бір ананың баласындай, бір қолдың саусағындай тату-тəтті өмір сүріп, елімізді көркейтіп, гүлдендіруге жұдырықтай жұмылып еңбек етіп келеді. Осының нəтижесін Егемен еліміз, Тəуелсіз Мемлекетіміз ғажайып қарқынмен дамып, дүние жүзіне танылып, барлық дамыған елдермен тереземіз тең, керегеміз кең мықты мемлекет болдық.
Мен осындай елде туып, ержетіп, туып-өскен елімді, сүйікті Отанымды дамытуға үлес қосып жүргенімді мақтан етемін.
Менің əкем Сейітқали Шəмкенов ұзақ жылдар бойы Шеңбер кеңшарында шопан болып өмірінің соңына дейін қол үзбей еңбек етіпті. Ол кісі дүниеден өткенде əкемнің құтты шопан таяғын мен ұстап қалдым. Еліміз егемендік алып, Тəуелсіз мемлекет болғаннан кейін жекешелендіру саясатын колдап, əкемнің көп жыл құтты қонысы болған Үңгірлі қыстағынан жеке шаруа қожалығын құрып, бүгінде шаруамды шайқалтпай мал өсіріп келемін. Қазір Шеңбер ауылындағы шаруасы шалқыған шаруа қожалықтарының бірімін. Мен ауылдастарымды, аудан халқын, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын. Əр отбасына бірлік-береке тілеймін.
Қасқырбай СЕЙІТҚАЛИҰЛЫ,
ШЕҢБЕР ауылы.