Басқарма төрағасы тағайындалды

«Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен аталған акционерлік қоғамның Басқарма төрағасы болып Алмат Отаубайұлы Жөкебаев тағайындалды.

Алмат Отаубайұлы 1983 жылы Ұлытау ауданы, Қорғасын ауылында дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ жол қатынастары университеті және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің маманы болып бастаған.

2009-2011 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, ұлттық экономика министрлігінде басқарма басшысы болып қызмет атқарған.
2011-2020 жылдары аралығында “ҚазМұнайГаз» ҰК” АҚ жұмыс істеді.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға тағайындалғанға дейін KPMG халықаралық аудиторлық компаниясында басшылық қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыз айынан бастап «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.