БҰЛ – МАҢЫЗДЫ ҚАЖЕТТІЛІК

Бәсекеге төтеп бере алатын ел боламыз десек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындалғанын бағамдай білуіміз керек.

Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және мемлекетті басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап ететінін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан-жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты, деп көрсетті. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Бұл, әрине, аса маңызды қажеттілік.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы.