Бұл – елдіктің өлшемі

Қазақ елі халықты алаң күйге түсірген аласапыран кезеңнен аман-есен өтті. Бағзы күндердегі аталарымыз бен әжелеріміздің сөзімен айтқанда «Құдай сақтады». Ниеті таза, пейілі түзу қалың қауымның тілегі қабыл болды. Бағамдай білгенге бұл – баға жетпес жетістік, халықтың басынан бағы таймағанының белгісі.

Ел аман, ер жігерлі, әрі мақсатшыл болса, келтірілген шығын мен кемістіктің орны толары анық. Ендігі міндет – келер күндердің кемел болуы жолында «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол» шығара отырып,тынымсыз әрекет ету. Басты парыз – тұтас ел болып, алмағайып кезеңде тізгінді қолдан шығармай, батыл қадамдар мен тиянақты қимылдың өнегесін көрсеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасу. Бұл – елдіктің өлшемі, ілгерідегі игіліктің кепілі. Мемлекеттің өміршеңдігі мен жасампаздығының көрінісі.

Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінде жария еткен саяси сипаттағы мәлімдемесі көңілдегі көп күмәнді сейілтті. Сараптамалық-талдамалық һәм бағдарламалық мазмұндағы нақты тұжырымдарға негізделген әр сөзі қазақстандықтардың болашаққа сенімін нығайта түсті.

Сенімге селкеу түспеуі – Қазақ елі бағындырар биіктердің әлі алда екендігінің айғағы!

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ