«Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында осылай деді.

«Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бүгінде азаматтарымыз саясатқа оң көзбен қарап, қоғамдық істерге белсене араласатын болды. Бұл – жақсы үрдіс. Мұны жұртшылықтың депутаттарға қоятын талабы әрдайым жоғары болады деп түсінген жөн. Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес. Біздің қоғам кемелдене бастады», — деді жиында Президент.