Қазақстанның барлық өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына сирена қосу жайлы мәлімдеме жасады.

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығына баға беріледі.