Қазақстанда жастар арасында 735 мың кәсіпкер тіркелген
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 1,5 млн-нан астам жеке кәсіпкер тіркелген.
Ең көп кәсіпкер Алматы (263,1 мың) және Астана (177,6) мың қалаларында тіркелген. Үшінші орында 122,2 мың дара кәсіпкері бар Түркістан облысы тұр. Кәсіпкерлері аз өңір Ұлытау облысы (13,7 мың).
Тіркелген дара кәсіпкерлердің басым бөлігі (43,6%) көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді. Олар қаржы және сақтандыру қызметінде (515) өте аз.
Айта кетейік, барлық кәсіпкердің 49%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.