Қазақстанда автогаз бағасы бекітілді

Энергетика министрлігі бөлшек саудадағы, яғни автогаз құю станцияларында сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасын бекітті.

Ең жоғары баға – Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Мұнда 1 литр газдың құны 102 тг. Бұған дейін бұл өңірлерде 82-89 тг аралығында саудаланған.

Ал Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 70-тен 90 теңгеге өсті. Төменгі баға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында. Онда сұйытылған газ 77 теңге деп бекітілді. Тек Маңғыстау облысында 59 теңгеден 65 теңгеге өзгерді.

1 ақпаннан бастап сұйытылған газ бағасы өңірлерде бекітілген бағада сатыла бастайды.